17:01, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
Ұрланған автокөліктерді Ресейден Қазақстанға заңсыз тасымалдау арнасын ұйымдастырушы ұсталды - ҚР ІІМ
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - ІІМ Криминалдық полиция комитетінің Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Алматы қалалық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесе отырып, лақап аты «Небоскреб» атты 44 жастағы ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін қолға түсірді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланды.

«Тінту кезінде Қазақстан мен Ресейдің жол полициясы тіркеу бөліністерінің, кеден органдарының көлік құралдарының тіркелгендігі туралы жалған куәліктер, келісімшарттар, сенім хаттар, мөрлер және штамптар, сондай-ақ өзгертілген агрегаттық мәліметтерімен «Ниссан» және «Тойота Камри» маркалы автокөліктер тәркіленіп алынды»,-делінген ІІМ мәліметінде.
Қолға түскен күдікті ТМД елдері азаматтарынан құралған топпен бірге ұрланған қымбат автокөліктерді Ресейден Қазақстанға заңсыз тасымалдау арнасын ұйымдастырған.