Ұрланған көлікті иесіне қайтару үшін ақша бопсалаған алаяқтар құрықталды

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өткен аптада Ақтөбе облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына облыстың екі тұрғынының қымбат көліктерді ұрлау қылмысына қатыстылығы туралы ақпарат келіп түскен.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

«Қылмыскерлердің қараша айының ортасында ұрланған «ЛексусGS-300» маркалы автокөлік иесінен 10 мың АҚШ долларын бопсалағаны анықталды. Күдіктілер ақшаны алғаннан кейін автокөліктің қайда тұрғанын айтатынын мәлімдеген. Жәбірленушінің 10 мың АҚШ долларын беру кезінде 41 және 26 жастағы қала тұрғындары ұсталды, ақша тәркіленді», - деді Н. Ораз.

Оның мәлімдеуінше, автокөлік иесіне қайтарылған. Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сонымен қатар, баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, арнайы жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Үлбі өзеніндегі көпір жанында «ВАЗ-21013» автокөлігін ұстаған. Тексеріс кезінде есірткі қылмысы үшін бұрын сотталған 35 жастағы жүргізушіден жалпы салмағы 6 келіден астам есірткі заттары тәркіленген, оның 3,5 келісі - героин.

Соңғы жаңалықтар