Ұрлық жасаған Денсаулық сақтау министрлігінің жүргізушісі ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың тәртіп сақшылары «Камаз» жүк көлігінің аккумуляторын ұрлап кеткен ұрыны ұстады. Күдікті Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты бір ведомсвтоның жүргізушісі болып шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрлық жасаған Денсаулық сақтау министрлігінің жүргізушісі ұсталды

«Полицияға үйдің жанында тұрған «Камаз» көлігінен белгісіз біреулер  автокөліктен аккумуляторды ұрлап кеткені жөнінде арыз келіп түсті.  Осындай арызбен тағы бір қала тұрғыны шағымданған», - дейді баспасөз қызметінен.

Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел- іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала мекемесінің бірінде жүргізушісі болып жұмыс істейтін 31-жасар Ш. деген азаматты ұстаған.

«Ол қызмет көлігін (шағын автобус) пайдаланып,  ұрланған заттарды сол жерден шығарып алған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар ұсталған күдіктінің бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде», - делінген хабарламада.

Ұрлық оқиғкасы бойынша ұсталған күдіктінің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлтты сараптама орталығында жұмыс істегені анықталып отыр.