Ұрылар шаңсорғыш арқылы жанармай құю бекетін тонап кетті

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Кейбір ұрылардың тапқырлығы сан түрлі жағдайларға тап болатын тәртіп сақшыларының өзін де таң қалдыратыны бар.
None
None

Сала-Консилина қаласында белгісіз екі адам шаңсорғыштың көмегімен жанармай құю бекетінің өздігінен қызмет көрсету режиміне қойылған кассасындағы ақшаны жымқырып кетті.

Қылмыскерлер алдымен кассаны бұрғылап тесіп, кейін шаңсорғышпен саңылаудан 3 мың еуроны тартып алған.

Ақша ұрлау операциясының тез өткені соншалық, дабыл белгісі соғылып, полицейлер барынша жылдам жеткенімен, ұрылар оқиға орнынан іздерін жасырып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар