00:45, 29 Тамыз 2023 | GMT +5
US Open: Александр Бублик 2020 жылғы чемпионға жол берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. тілшісі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 81-орында тұрған 2020 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, аустриялық Доминик Тиммен өткізді.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Д.Тим 6:3, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Доминик Тим 8 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. А.Бублик 6, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, А.Бублик Д.Тимнан тағы да жеңіліс тауып, 2019 жылғы Ролан Гарроста кеткен есені қайтара алмады.
Енді А.Бублик жұптық сында өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің бастапқы кездесулерін өткізетінін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық 18 жастағы теннисші әлемдік рейтингте 36 саты жоғары көтерілді.