US Open: Александр Бублик қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

Александр Бублик
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 67-ракеткасы, франциялық Адриан Маннариноға тап келді. 

Матч Бубликтің айқын басымдылығымен аяқталды — 6:3, 6:1, 6:1.
Бір сағат 22 минутқа созылған бәсекеде А.Бублик 16 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Маннарино 1 эйспен шектелді.

Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 21-ракеткасы, америкалық Томми Пол немесе рейтингіде 102-сатыдағы хорватиялық Дино Прижмичтің қай жеңгенімен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның WTA Live рейтингінде көш бастағанын жазған едік. 

Сондай-ақ Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын сәтті бастады.

Юлия Путинцева Олимпиада чемпионын қапы қалдырды.