US Open: Андрей Голубев пен Анна Данилина үшінші айналымға өте алмады

А.Голубев ресейлік Роман Сафиуллинмен бірге екінші айналымда жарыстың 6-ракеткалары, үндістандық Рохан Бопанна – аустралиялық Мэттью Эбденмен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-ресейлік жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 3:6, 3:6 есебімен жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалды.
Қазақстанның әйелдер арасында жұптық сындағы көшбасшысы, әлемдік рейтингте 29-орында тұрған Анна Данилина ұлыбританиялық Хизер Уотсонмен бірге екінші айналымда доданың 15-ракеткалары, жапониялық Мию Като – индонезиялық Алдила Сутджиадимен кездесті. Бұл бәсекеде жапониялық-индонезиялық дуэт айқын басымдылық көрсетті – 6:3, 6:1.
Осылайша, АҚШ ашық чемпионатында Қазақстаннан Елена Рыбакина мен А.Данилина ғана қалды. Е.Рыбакина жекелей сында, А.Данилина миксте өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Анна Данилина екінші айналымға жолдама алды.
Андрей Голубев бастапқы кездесуін сәтті өткізді.
Жібек Құламбаева Прага турнирінің финалына шықты.