US Open: Анна Данилина екінші айналымға жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық теннисші ұлыбританиялық Хизер Уотсонмен бірге бастапқы кездесуін америкалықтар Эмма Наварро – Пейтон Стернспен өткізді.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде қазақстандық-ұлыбританиялық жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 3 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

А.Данилина – Х.Уотсон үшінші айналымға шығу үшін жапониялық Мию Като – индонезиялық Алдила Сутджиадимен таласады.

Анна Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге аралас жұпта да жарысты жалғастыруда. Олар алғашқы айналымда америкалық Николь Меличар – аустралиялық Мэттью Эбденді 6:3, 5:7, 10:7 есебімен жеңді. Енді екінші айналымда америкалықтар Алисия Паркс – Денис Кудламен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева жұптық сында ұлыбританиялық Кэти Бултермен бірге қытайлық Линь Чжу – тайбэйлік У Фан Сяньнан (3:6, 3:6) жеңіліс тауып, жарыс жолынан біржола шығып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар