US Open: Дмитрий Попко іріктеу турнирін сәтті бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 239-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ ашық чемпионаты іріктеу сайысының жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының ширек финалында әлемнің 140-ракеткасы, бразилиялық Тьяго Уайлдпен шеберлік байқасты.
Попко бірінші партияда тай-брейкте таразы басын өзіне аударды — 7:6 (7:4).
Екінші сет 6:3 есебімен аяқталды.
Бір сағат 41 минутқа созылған бәсекеде Попко 8 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Уайлд 6 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.
Дмитрий Попко іріктеу сайысының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингіде 184-орында тұрған франциялық Юго Бланшемен ойнайды.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 192-ракеткасы Бейбіт Жұқаев бүгін кешке рейтингіде 197-орындағы америкалық Джек Пиннингтон-Джонспен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Елена Рыбакинаның микстегі қарсыласы анықталғанын жазған едік.
Михаил Кукушкин іріктеу сайысының жартылай финалына жолдама алды.