US Open: Елена Рыбакина екінші айналымға өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 194-орында тұрған аустралиялық Дестани Айавамен сынға түсті.
Бұл қос қарсыластың өзара алғашқы кездесуі еді.
Бірінші партияда Рыбакина қос брейк жасап, айқын басымдылық көрсетті – 6:1.
Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейкпен алға шыққанымен, ізінше өз геймін беріп қойды – 4:4. Есеп 5:6 болып, Елена доп бергенде, Айава үш сетболын пайдалана алмады. Содан кейін тай-брейкте Рыбакина сәтті ойнады – 7:6 (7:1).
Бір сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 11 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Айава 5 эйс, 1 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алмады.
Елена Рыбакина АҚШ біріншілігінің үшінші айналымына шығу үшін рейтингіде 143-сатыдағы франциялық Джессика Поншемен таласады. Ол рейтингіде 1294-орындағы қытайлық Чжэн Сайсайды қапы қалдырды – 6:4, 6:1.
Е.Рыбакина осыған дейін өз спорттық жолында АҚШ чемпионатының үшінші айналымынан асып көрген емес. Бұл жолы қалай болатынын алдағы ойындар көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Новак Джоковичтің жеңіс саны жөнінен Роджер Федерермен теңескенін жазған болатынбыз.
Тимофей Скатов тартысты матчта әлемнің 7-ракеткасына жол берді.