US Open: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Нью-Йорк қаласында АҚШ ашық чемпионатының жеребесі тартылды.

Теннис
Фото: Kazinform

Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 77-орында тұрған қытайлық Цзюнчэн Шанмен өткізеді.

Әлемнің 60-ракеткасы Александр Шевченко рейтингіде 80-сатыдағы германиялық Доминик Кепферден өтуге тырысып көреді.

Біріншілікке іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алған Тимофей Скатовтың қарсыласы кейін анықталады.

Қазақстанның әйелдер арасында бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен ойнайды.

Әлемнің 31-ракеткасы Юлия Путинцеваның қарсыласы – рейтингіде өзінен төрт саты төмен тұрған, 19 жастағы чехиялық Линда Носкова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның US Open турниріне киіп шығатын киім үлгісін көрсеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум