US Open: Новак Джокович жеңіс саны жөнінен Роджер Федерермен теңесті

АСТАНА. KAZINFORM — Әлемнің 2-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы, сербиялық, 37 жастағы Новак Джокович Нью-Йоркта өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатында 89-ыншы жеңісіне қол жеткізді.

теннис джокович
Фото: skysports.com

Сербиялық спортшы осы додадағы жеңісі жөнінен әлемнің бұрынғы 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының 20 мәрте жеңімпазы, швейцариялық Роджер Федерердің көрсеткішімен теңесті.

Қазіргі кезде Новак тек америкалық Джимми Коннорстың ғана соңында тұр, оның есебінде 98 жеңіс бар.

Кеше басталған АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымында Джокович дүниежүзілік рейтингіде 138-орында тұрған молдовалық Раду Алботты 6:2, 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Екінші айналымда Новак өзінің отандасы, әлемнің 109-ракеткасы Ласло Джеремен кездеседі.

Биыл сербиялық теннисші чемпиондық атағын қорғап қалуға тырысады. Өткен жылы финалда ол ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:5), 6:3 есебімен ұтып, рекорд орнатқан еді. Бұл оның «Үлкен дулығадағы» 24-титулы еді.

US Open ерлер арасында 8 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ ашық чемпионатында 19 жастағы теннисшіден жеңіліп қалғанын болатынбыз.

Александр Шевченко алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

 

​​

Соңғы жаңалықтар