US Open іріктеу турнирінде Денис Евсеев қарсыласын ойсырата ұтты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 207-ракеткасы, 31 жастағы Денис Евсеев US Open іріктеу турнирін айқын жеңіспен бастады.

Денис Евсеев
Фото: Қозоғистон теннис федерацияси

Аталмыш жарысқа алғаш рет қатысып жатқан қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін өзінен 10 жас кіші, әлемнің 222-ракеткасы, эквадорлық Альваро Гильен Месамен өткізді.

Бірінші партияда Евсеев өз спорттық жолында «Үлкен дулыға» додасына бірінші рет қосылған Месаға бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Денис екінші сетте 4:0 есебімен алға кеткенімен, өз геймін беріп қойды. Дегенмен тағы бір брейкке қол жеткізіп, бәсекені тәмамдады – 6:1.

Бір сағатқа созылған матчта қазақстандық спортшы 12 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Меса 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 130-ракеткасы, нидерландылық Йеспер Де Йонг немесе рейтингіде 142-сатыдағы бразилиялық Густаво Хейденің қай жеңгенімен шеберлік таластырады.

Бүгін түнде сондай-ақ Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко да кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын US Open іріктеу турнирінде 6 қазақстандық теннисшінің бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Жас теннисші Дамир Жалғасбай Польшадағы жарыста жеңімпаз атанды.

 

Соңғы жаңалықтар