US Open: Тимофей Скатов жарыс жолынан шығып қалды

Аталмыш «Үлкен дулыға» турниріне алғаш рет жолдама алған 22 жастағы теннисшіге бірінші айналымда-ақ мықты қарсылас тап болды.
Әлемнің 13-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минормен ойнаған Т.Скатов бірінші партияда 2:6 есебімен есе жіберсе, екіншісінде есе қайырды – 6:3. Алайда содан кейін екі сет аустралиялық спортшының еншісінде кетті – 6:1, 7:5.
Бұл теннисшілердің өзара бірінші кездесуі еді. 2 сағат 40 минутқа созылған тартысты матчта Т.Скатов 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 7 эйс, 8 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, жекелей сында АҚШ ашық чемпионатында Қазақстаннан Елена Рыбакина ғана қалды.
Бүгін жұптық сында өнер көрсететін қазақстандық теннисшілер додаға қосылады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің 2020 жылғы чемпионға жол бергенін жазған едік.
Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады.
Юлия Путинцева екінші айналымға шыға алмады.