22:20, 01 Қыркүйек 2025 | GMT +5
US Open: Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында турнирді сәтті бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Қазақстандық спортшы бастапқы кездесуін жарысқа арнайы шақырту алған америкалық Рошан Сантошпен өткізді.
Екі сет те 6:3 есебімен Заңғардың пайдасына шешілді.
Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды.
Заңғар Нұрланұлы 1/8 финалға шығу үшін Польша өкілі Алан Важны немесе тағы бір америкалық Райан Козадтың қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Александр Бубликтің әлемнің 1-ракеткасымен ойнайтынын жазған едік.
Анна Данилина 1/8 финалға жолдама алды.
Елена Рыбакина ширек финалдан тыс қалды.