US Open: Жасөспірімдер арасында Даниал Рахматуллаев іріктеу турнирінің финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында қазақстандық теннисші Даниал Рахматуллаев іріктеу сайысын сәтті бастады.

Ақтау теннис мектебінің түлегі, 17 жастағы Даниал Рахматуллаев іріктеу турнирінің жартылай финалында америкалық Рохан Белдаимен кортқа шықты.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде америкалық спортшы қарымта қайырды – 6:4. Супер тай-брейкте Даниалдың жолы болды – 10:8. Тартысты бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
Д.Рахматуллаев іріктеу сайыстарының финалында ATP рейтингісінде 1195-сатыда тұрған марокколық Карим Беннанимен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.
Қазақстан теннис федерациясынан түскен мәліметке қарағанда, жасөспірімдер арасында негізгі турнирде Әмір Омарханов, қыздардан Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Юлия Путинцеваның қытайлық қарсыласын жеңіп, үшінші айналымға шыққаны жазған болатынбыз.
Елена Рыбакина US Open турнирінен неге бас тартқанын түсіндірді.
Анна Данилина US Open турнирін жеңіспен бастады.