Үш адам зейнеткерді тонаған - ҚР ІІМ
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Аққұдық кентінде бір әйел сыбайластарымен бірге өзі танитын зейнеткердің үйіне қарақшылық шабуыл жасады. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Күдікті үшеу 72 жастағы зейнеткердің үйіне есікті бұзып кіріп, оны пышақпен қорқытып, ұрып-соғады да 12 мың теңге мен ұялы телефонды жымқырып кетеді. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 23 жастағы екі ер азамат пен 31 жастағы әйел адамды құрықтады. Сол әйелдің аталған қарақшылық шабуылды ұйымдастырғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда», - дейді Н.Ораз.