Үш адамды басып кеткен ер адам 10 жылға сотталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қалалық №2 сотында үш адамның ажалына себеп болған жол апатына айыпты Жамбыл Мұхантаевтың ісі бойынша тыңдау аяқталды. Ол ҚР ҚК екі бабы бойынша айыпталды: екі немесе одан көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы қағидаларын бұзуы, ЖКО орнынан бой тасалау.
None
None

Судья Қайырбек Елемесов жариялаған үкім бойынша сотталушы айыпты деп танылды. Оған жалпы режімдегі колонияда жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынана айыру жазасы кесілді.

Жазасын өтеуші айыбын толықтай мойындады, қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады. Сол күні рөлді мас күйінде басқарғанымен де келісті.

Еске салсақ, Павлодарда 2014 жылғы 24 қыркүйекте түнде жол апаты орын алды. Жүргізуші сағатына 100 шақырым жылдамдықпен келе жатып, жүргіншілер өткелін байқамаған.

Апат құрбаны үш адам: оқиға орнында ер адам мен әйел көз жұмса, үшінші зардап шегуші ауруханада жан тапсырды.

Сот жақындарынан айырылған отбасыларға келтірілген залалды 35 млн теңгеге бағалады, енді сотталушылар мұны жәбірленушілерге төлеуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар