10:02, 07 Шілде 2013 | GMT +5
Үш адамның ажалы судан келді - ТЖМ
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат- Суға шомылған үш ер адам ажал құшты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Сенбі күні кешқұрым Орал қаласының маңында Ақ жайық өзеніне шомылуға барған 31 жастағы ер адам батып кетті. Оның денесі 20 минуттан кейін табылып, Батыс Қазақстан ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы және 1 техникасының күімен сыртқа шығарылды. Сондай-ақ Қостанай облысындағы Лисаковскіде «Қызыл жар» су қоймасында шомылу кезінде 51 жастағы ер адам батып кетті. Оның мәйітін Қостанай облысы ТЖД суда құтқару қызметі 2 маманы және 1 техникасы судан шығарды.
Ал Алматы облысында 17 жастағы жасөспірім Көкжазықтағы су айдынына батып кеткен. Оның мүрдесін Алматы облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 3 маманы мен 1 техникасы тапты.