Үш әйел 25 мың теңгеге саудаланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша оны жыныстық қатынасқа пайдалану мақсатында сатқаны туралы полицияға 33 жастағы ақтөбелік келіншектен өтініш түседі. Жәбірленуші әйел маусымның 6-сында көшеде еуропалық нәсілді бір ер адаммен танысқанын, ол мұның сеніміне кіріп оған пәтер жөндеу бойынша жұмысты ұсынады.
Жұмыс орнына ол тағы екі - 32 және 39 жастағы әйелді теміржол вокзалының жанындағы пәтерлердің біріне әкеліп, 44 жастағы бір ақтөбелікке 25 мың теңгеге саудалайды. Зардап шегушінің айтуынша оларды бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, алайда қашып шығудың сәті түседі.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шара барысында адам саудасымен айналысушылар ұсталды. Сатушы мен сатып алушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.