Үш қалада ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

2024 жылғы 23 желтоқсанда Алматы, Жезқазған, Балқаш қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін Франция Балқаштың экологиялық жағдайын зерттеуге грант бөлуі мүмкін екені туралы хабарладық.