Үш қалада терроризмді насихаттап, қаржыландырған діни радикалдар ұсталды — ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция жәрдемімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесу үшін операция өткізді.

ұқк
Фото: ҰҚК

Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.