Үш күн бойы жел соқпаған Өскемен қаласын түтін басып тұр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскеменде 7 желтоқсанда тағы да қайтадан қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Қалада жел соқпай тұрғанына үш күн болды. 

Үш күн бойы жел соқпаған Өскемен қаласын түтін басып тұр
Фото: қала тұрғындарынан

— Бүгін сағат 20.00-ден бастап 7 желтоқсан 20.00-ге дейін Өскеменде екінші дәреже туралы ескерту жарияланды, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-дан.

Осымен жел соқпай, қала көшелерін түтін тұмшалап тұрғанына – үшінші күн. Оның алдында 20 қарашада басталған қолайсыз метеорологиялық жағдай 2 желтоқсанға дейін созылған болатын. 

Өскемендіктер желсіз күндері көшеге шыққанда қатты жөтеліп, бастары ауырып, тамақтары күйіп, жүректері айнығанын айтып шағымданып келеді. Дәрігерлер қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан күндері халыққа далада көп жүрмеуге кеңес берді. 

Еске салсақ, осыған дейін Өскемен қаласында экологиялық жағдайды жақсартуға қосымша қаржы бөлінетіні хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар