Үш күн бұрын жоғалып кеткен Астана тұрғыны компьютерлік клубтарда бой тасалаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш күн бұрын жоғалған Астана тұрғыны отбасына оралды, ол осы күндерде компьютерлік клубтарда жүрген, қонақүйде түнеген. Ол бұл әрекетіне отбасылық жанжал себеп болғанын айтты.
None
None

Астана ІІД баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес 23 маусымда Иван Лебедевтің туысқандары ер адам таңертең үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін үйіне оралмағаны туралы шағыммен жүгінді.

Полицейлер оның қайда екенін табу үшін жедел іздеу шараларын жүргізді. Таныстары, достары, болуы мүмкін деген орындар анықталды. Компьютерлік клубтарда іздеу шаралары жүргізілді.

«Бүгін сағат 10.00-ге таман Лебедев табылды. Оның компьютерлік ойынға құмарлығынан отбасында жанжал туындағанын айтты. Сондықтан да үйіне қайтқысы кеелмеген. Осы уақыт ішінде түнде қонақүйде түнесе,  күндізгі уақытын компьютерлік клубта өткізген», - деп хабарлады ІІД.

Соңғы жаңалықтар