Үш күн із-түссіз жоғалған бойжеткен табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жамбыл ауданында жоғалған 17 жастағы бойжеткен аман есен табылды. Медицина колледжінің студенті үш күн бойы құрбысының үйінде болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш күн із-түссіз жоғалған бойжеткен табылды

Ұзынағаш ауылында тұратын бойжеткен өзінің жақындарымен ренжісіп, үйінен қашып кеткен. Жасөспірімді іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы кірісіп, бір тәуліктен соң облыстық Іздеу бөлімінің жедел уәкілдері қосылды. Із-түссіз жоғалған тұлға туралы тұспал өңірдің барлық полиция бөлімшелеріне таратылады.

Қыз бала облыс орталығынан табылды. Ол құрбысының үйінде қонақта болған. Қазіргі уақытта студент Талдықорған қалалық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Мамандар жасөспірімнің  туыстарының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізетін болады.