Үш мемлекеттің арасында бірыңғай кедендік кеңістіктің орнауы қарым-қатынасты жақсартып, кеден жұмысын жеңілдетеді

ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Үш мемлекеттің арасында бірыңғай кедендік кеңістіктің орнауы қарым-қатынасты жақсартып, кеден жұмысын жеңілдетеді.
None
None

Бұл туралы БҚО кедендік бақылау департаментінің бастығы Әмірхан Мауқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеденшілердің мәліметіне қарағанда, Қазақстан, Ресей, Беларус елдері арасында 11 мың тауар аталымы бойынша ортақ келісімге қол жеткізілген. Биыл шілденің 1-інен бастап бірыңғай кедендік кодекстің шарттары іске қосылады. Кедендік одаққа мүше елдердің өзара саудасында тауарлар мен қызметтерге ешқандай баж салығы салынбайды. Айрықша жағдайлар болмаса, өзге де шектеулер алынып тасталған. Шілденің 1-інен үш мемлекет арасындағы кедендік рәсімдеулер тоқтатылады. Сондай-ақ іс барысында туындайтын қандай ма болсын қиындықтар мен түйткілдер үш мемлекет өкілдерінен құралған комиссияның араласуымен қаралып, ортақ уәж арқылы шешілмек. Бірыңғай кедендік кеңістік тек бір ғана елдің экономикалық мүддесіне тиімді деуге болмайды. Кедендік одақ мүшесі ретінде Қазақстан отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғау және сырттан тасымалды азайту үшін елімізде бұрын болмаған өндіріс салаларын өмірге әкелу, қалыптастыру мәселелерін де назарда ұстайды.

Соңғы жаңалықтар