Үш облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Қарағанды облысы:

- 2026 жылғы 5 ақпан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 51 — 101 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасы — Нұра кенті) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады.

- 5 ақпан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92 — 164 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау ақы алу пункті) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады.

Жолды 2026 жылы 6 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Ақмола облысы:

2026 жылғы 05 ақпан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16 — 200 шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы);

- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы (Қайрақ бақылау-өткізу пункті)» автожолының 16 — 347 шақырым аралығы (Астана қаласы — Жақсы кенті);

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30 — 92 шақырым аралығы (Жібек жолы ақы алу пункті — Қарағанды облысының шекарасы);

- «Астана — Қорғалжын (Қорғалжын қорығына кіреберіс жолымен)» автожолының 19 — 124 шақырым аралығы (Астана қаласы — Қорғалжын кенті).

Жолды 2026 жылғы 06 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы:

2026 жылғы 5 ақпан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200 — 254 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасы — Шідерті кенті) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады.

Жолды 2026 жылы 6 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, алдағы төрт жылда Атырау-Доссор жолы 4 жолаққа кеңейтіледі.

Соңғы жаңалықтар