Үш облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

жол
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

18 наурыз, сағат 23:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:

Ақмола облысы:

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30 — 92 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлем қабылдау пункті — Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы:

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92 — 164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау төлем қабылдау пункті).

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 970 — 1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы);

- «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Боғас» автожолының 17 — 217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы — Қарқаралы қаласы).

Павлодар облысы:

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135 — 1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті).

- «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 0 — 137 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы — Баянауыл ауылы);

- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 0 — 152 шақырым аралығы (Павлодар қаласы — РФ шекарасы).

Жолды 2026 жылы 19 наурыз сағат 08:00-да ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК еліміздің 15 облысы мен Астанада күн райына байланысты ескерту жариялады.

Соңғы жаңалықтар