13:57, 03 Сәуір 2017 | GMT +5
Үш облыста су тасқыны салдарынан көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО, Қарағанды және ОҚО-дағы республикалық маңызы бар жолдарда су тасқынына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметі.

ШҚО-да су тасқынына байланысты «Семей-Қайнар» 7-166 шақырым (27 шақырымды су басты) жолда көліктің барлық түріне жол жабылды. Учаскені «Семей-Қарауыл» жолы арқылы айналып өтеді.
Қарағанды облысында 166-750 шақырым жолды су шайды. 90-167 шақырымдық «Ақшатау-Ақадыр» жолында көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Айналып өту «Қарағанды-Ақсу-Аюлы-Ағадыр» бағытымен жүзеге асырылады.
ОҚО-да «Самара-Шымкент» (2217-2235 шақырым, 2229 шақырымды су шайған) жолында жол қозғалысы шектелді. Айналып өту Темірлан ауылы арқылы жүзеге асырылады.
Учаскелерде су өткізгіш құбыр бар, нығайту жұмыстары жүргізіліп, ескерту белгілері, белгі бағандары қойылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.