Үш өңірде жаңа театр ғимараттары салынады

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің үш өңірінде жаңа театр ғимараттары салынады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті.

театр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Бүгінде елімізде театрлардың жаңа ғимараттарын салу жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбе қаласының Астана ауданы Алтын орда шағын ауданында драма театры құрылысы үшін елді мекен жер санатынан жер телімі берілді. Жаңа драма театр ғимаратын салуға облыстық бюджеттен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат бөлінді. Жобалық-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Сараптама әзірлеудің мерзімі 2025 жылғы 10 шілдеге белгіленді, — деп атап өтеді министріліктен агенттік сауалына орай.

Мұнан бөлек, Қонаев қаласында облыстық драма театр құрылысының жобалық сметалық құжаттамасын әзірленіп жатыр. Жер учаскесі ресімдеу сатысында. Жалпы алаңы — 13 332,03 шаршы метр. Жобаның дайындығы 30 пайыз. Сараптаманың оң қорытындысын алудың жоспарланған күні — 2025 жылғы желтоқсан.

— Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімдігі Шымкент сити шағын ауданында салынуы жоспарланған опера және балет театры ғимаратының құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін Үкімет қаулысына сәйкес жобалаушы мекеме ретінде «Qazaq Project» ЖШС айқындалғанын мәлімдеді. Қазіргі кезде объектінің эскиздік жобасы әзірленуде және тиісті мекемелермен келісілуде. Сонымен қатар жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін қажетті қаражатқа бюджеттік өтінім жергілікті бюджетті нақтылау кезінде берілетін болады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде бюджет құрылысы бойынша бюджеттік өтінімдер жобалық-сметалық құжаттама дайын болғаннан кейін бюджеттік заңнамаға сәйкес әзірленеді, — деді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың 4-отырысында Семейде бір ғимаратта үш бірдей театр сығылысып отырғанын, аймақтарда театрларды салуға және дамытуға баса назар аудару керектігін айтқан еді

Осы орайда Семейде 15 млрд теңгеге Конгресс холл салынатындығы белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар