05:34, 17 Мамыр 2015 | GMT +5
Үш жасар бала тапаншамен қарындасын атты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та бөбекжай ғимараты маңына көлік ішінде қараусыз қалған үш жасар бала өзінің бір жастағы қарындасын бетінен тапаншамен атқан.

Оқыс оқиға Флорида штатындағы Венис қаласында орын алды.
« Үш жасар бала машина ішінде қалған тапаншаны алып, бір жастағы сәбиді атып жіберген»,- деді шериф өкілі Винс Майер.
Оқ тиген бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Ол жараланғанмен өміріне қауіп төне қойған жоқ. Балалардың анасы келеңсіз жағдай кезінде көлік ішінде болмаған. Әзірге оның үстінен қылмыстық іс қозғала қойған жоқ.