Үш жасар сәбиді пойыз доңғалағының астынан шығарып үлгерді (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочидің маңында автотуристердің лагерінен шыққан, ата-анасының қарауынсыз қалған үш жастағы бала пойыз астына түсуге сәл-ақ қалды, деп хабарлайды rosbalt.ru.
Қараусыз қалған бала жақындап келе жатқан пойыздың алдында рельстің үстінде тұрып қалған. РТЖ екі қызметкері Арсентий Хазарян мен Александр Семиглазов сәбиді ажалдан аман алып қалды. Олар бүлдіршінде дер кезінде көрген.
Біреуі балаға қарай жүгірсе, екіншісі пойыз машинисіне қол бұлғап белгі беріп, шұғыл тоқтатуын сұраған. Тек соңғы минутта ғана бүлдіршінді пойыз доңғалағынан астынан алып шығудың сәті түсті.