Үш жылда 3,25 мың шақырым жол салуға 4,6 трлн теңге жұмсалады

АСТАНА. KAZINFORM — Жолдардың құрылысына қажетті материалдар мен қызметтердің 90 пайызға жуығы отандық өндірушілерден сатып алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.

деньги, тенге, ақша
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Үш жылда жалпы ұзындығы 3,25 мың шақырым болатын басым жобалар іске асырылады. Оған 4,6 трлн теңге қаржы көзделген. Бұл жобалар транзиттік әлеуетті арттырып, елге нақты экономикалық пайда әкеледі. Тартылатын қаражат тікелей және тұрақты макроэкономикалық әсер береді. Оның ішінде мультипликативтік әсер байқалады. Материалдар мен қызметтердің 90 пайызға жуығы отандық өндірушілерден сатып алынады. Бұл өнеркәсіптің дамуына оң ықпал етеді, — деді Нұрлан Сауранбаев.

Министрдің пайымынша, автожол саласына салынған инвестиция экономиканы дамытады. 

— Аталған бастамаларды іске асыру үшін үш жылдық жоспар бекітілді. Қажетті шешімдер қабылданып жатыр. Атқарылып жатқан шаралар еліміздегі көлік инфрақұрылымын дамытып, транзиттік мүмкіндікті арттырады, — деді ол.

Айта кетейік, Үкімет алдағы 3 жылда 32 мың шақырым өңір жолдарының нормативтік деңгейін 95 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отыр

Сонымен қатар, биыл бірқатар өңірлік жолдың құрылысы басталмақ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум