Үш жылдан бері соты өтіп жатқан Samsung басшысы ақталды

Глава Samsung был оправдан по делу о слиянии двух компаний
Фото: Yonhap

СЕУЛ. KAZINFORM — Дүйсенбі күні сот Samsung Electronics Со компаниясының төрағасы Ли Чжэ Ёнды 2015 жылғы компанияның еншілес екі компаниясының қосылуына қатысты даулы іс бойынша ақтады, деп жазады Yonhap. 

Ли бұл айыптауларды жоққа шығарып, бірігу кезінде оның жеке мүддеcі ескерілмегенін айтты. Ол соттан өзін ақтауды сұрады.

Бұған дейін прокурорлар Samsung Electronics Co компаниясының басшысы Ли Джэ Ёнды бес жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен.

Сеул соты Ли Чжэ Ёнды үш жыл бес айдан кейін ақтады.

Оған акция бағасын манипуляциялады, сенімге қиянат жасады және Cheil Industries Inc және Samsung C& T Corp компанияларының бірігуі кезінде бухгалтерлік алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын.

Соңғы жаңалықтар