Үш жүз адамның 260 млн теңгесін жымқырған L-Capital компаниясына қатысты тергеу аяқталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – L-Capital компаниясына қатысты қылмыстық іс тергеліп бітті. Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Министрліктің жетекшілік етуімен арнайы прокурорлар қызметі Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласы және Атырау облысында «L-Capital» (Искандеров Г. И Жантелесова Т.) компаниясына қатысты қылмыстық істі қарады. Компания салымшыларды бағалы қағаздарға инвестиция құюға шақырған», - деді Санжар Әділов министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, аталған ұйым қызметінен 300-ден астам адам зардап шеккен.
«Келген шығын көлемі 260 млн теңгеден асып түсті (32 мың АҚШ доллары). Бүгінде қылмыстық іс соңына жетті. Қазір уақытта қатысы бар жандар іспен танысып жатыр», - дейді ол.
Еске сала кетсек, былтыр Алматы полициясы «L-Capital» компаниясынан зардап шеккен салымшыларға жүгінген еді.
Бұған дейін Қазақстанда 30 мыңнан астам адамның қаржы пирамидаларына алданғаны айтылды.
Одан бөлек, министрлік қаржы пирамидасына алданып қалмаудың амалын атады.