Үш жылда ауылдарды дамытуға бюджеттен 326 млрд теңге бөлінді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2019-2022 жылдары «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасының аясында республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Үкімет отырсында Ұлттық экономика отырысында Әлібек Қуантыров осындай дерек айтты.

«2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 6 293 ауылдық елді мекен бар, онда 7,8 млн жуық адам тұрады. «Ауыл-ел бесігі» жобасын іске асыру үшін елдегі ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті жоғары, ауыл тұрғындарының 90% қамтылған 3,5 мың ауылдық мекен іріктелді. Бұл ауылдарды дамыту бойынша жұмыс 2019 жылдан бастап «Ауыл-ел бесігі» жобасы шеңберінде жоспарлы түрде басым тәртіппен жүзеге асырылуда. 2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылды», - деді министр.

Бұл қаражатқа 334 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектісі салынған көрінеді.

«1,2 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектілері және 2,2 мың көлік инфрақұрылымы объектілерін жаңадан салуға және жөндеуге мүмкіндік берді, шамамен 30 мың жұмыс орны құрылды», - деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар