Ұшақ апаты: ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнына барды

ҚазАқпараттың Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі екі адамның өліміне әкеп соққан ұшақ апатының орнына барды.

қарағанды ұшақ
Фото: Айзада Ағылбаева/"ҚазАқпарат" ХАА

Мәліметінше, әуе кемесі құлаған жерге не көлік, не жеке адамның жақындауына полиция рұқсат бермей жатыр. Сол себепті қандай да бір ақпарат алу мүмкін емес.

Оқиға орнында шұғыл қызметтер – өрт сөндірушілер, полицейлер мен жедел жәрдем бригадасы жүр. Сондай-ақ тікұшақты көруге болады.

қарағанды ұшақ
Фото: "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі

Еске салайық, ұшақ апаты бүгін таңертең болды. Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағымен ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланыс үзілген. Әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 08.44-те Қарағанды облысының Доскей ауылынан 5 км жерде құлады.

Іздестіру жұмыстары барысында қираған ұшақ пен екі адамның денесі табылды.

Ұшақ «Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС-ға тиесілі. Компания 2022 жылғы 25 қарашада «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ берген сертификат негізінде авиациялық персоналды кәсіби даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырып келеді.

«Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады», - деген еді Азаматтық авиация комитетінен.

Кейінен Азаматтық авиация комитеті мерт болғандардың аты-жөнін жариялап, атқарылып жатқан шұғыл шаралар жөнінде мәлімет ұсынды.

қарағанды ұшақ
Фото: "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі

 

Соңғы жаңалықтар