Ұшақ қозғалтқыштарын ауыстыру рейс кестесіне әсер етпейді – Air Astana
АСТАНА. ҚазАқпарат – Air Astana әуе компаниясы Pratt & Whitney қозғалтқыштарын кері қайтарып алу керек деген жайтқа түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін БАҚ беттерінде Airbus A320neo ұшақтарындағы жүздеген Pratt & Whitney қозғалтқыштардың алынып тасталатыны туралы ақпарат жарияланған болатын.
Pratt & Whitney өндіруші компаниясы хабарлағандай, Airbus A320neo ұшақтарында орнатылған 3000-нан астам қозғалтқыштың 1200-ін оларды өндіру үшін қолданылатын ұнтақ металдың сирек жағдайына байланысты келесі 9-12 ай ішінде жедел түрде бөлшектеу және тексеру қажет.
«Air Astana компаниялар тобының флотында P&W қозғалтқыштары бар. 27 Airbus әуе кемесі қазіргі уақытта P&W шектеуіне әуе компанияның тек 1 қозғалтқышы түсіп тұр», - деп хабарлады Air Astana редакцияның ресми сұрауына жауап ретінде.
Әуе компаниядан мәлім етілгендей қозғалтқышты ауыстыру Air Astana компаниялар тобы қызмет көрсететін рейстердің жалпы кестесіне және маршруттар желісіне әсер етпейді.
«Біздің әуе компания кез келген жөндеу жұмысын операциялық қызметке және жолаушыларға қызмет көрсетуге әсерін азайту үшін мұқият жоспарлап, үйлестіреді», - дейді компаниядан.