10:30, 17 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Үшарал - Достық автожолында көлік қозғалысы шектелді
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM- «ҚазАвтоЖол» Алакөл ауданында көлік қозғалысына шектеу қойылғаны жөнінде мәлімдеді.

- 2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 10:00-де Жетісу облысы бойынша күннің бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырымы аралығында (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады - делінген хабарламада.
Жергілікті жол полициясы қызметкерлері де жүргізушілерге аязды күндері алыс сапарға шықпай үйде болуды ескертеді.
Еске салайық осыған дейін «ҚазАвтоЖол» жолдың тайғақтығына шағымданған жүргізушілерге жауап бергенін жазғанбыз.
Қостанай облысында жол апатынан үш адам мерт болды