Үшемдері бар отбасылар қай өңірлерде көп тіркелген

АСТАНА. KAZINFORM — Кейінгі жылдары үшемдері бар отбасылар көбіне еліміздің қай өңірлерінде тіркеліп жүр? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді.

үшем
Фото: Шымкент денсаулық сақтау басқармасы

— ҚР ДСМ «Салидат Кайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК-нің ұсынған дерегіне сәйкес, соңғы жылдары үшем өмірге келген отбасылар көбінесе Астана, Алматы қалалары және Түркістан облысында тіркелген, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Мәселен, Алматы қаласында 2023 жылы — 8, 2024 жылы 10 отбасында үшемдер дүниеге келді. Ал Түркістан облысында 2023 жылы — 8, 2024 жылы 9 отбасында осындай қуанышты жағдай болды. Астана қаласында 2023 жылы — 7, ал 2024 жылы 6 жағдай тіркелген.

Еске салсақ, жақында Түркістан облысында үшем өмірге келгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар