Үшкемпіров турнирі: Алғашқы жарыс күні кімдер жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында қазақтың аңыз спортшысы Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы жеңімпаздары белгілі болды.

Спорт
Фото: Күрес түрлері федерациясы

Төртінші мәрте ұйымдастырылып жатқан бәсекеде Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан және алғаш рет Бельгия, Хорватия, Украина, Сауд Арабиясы, Ресей мемлекеттері өз балуандарын алып келді.

10 салмақ бойынша жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатқан жарыста 234 боз кілем шеберлері бас қосты.

Алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 
55 келі

1.⁠ ⁠Әлібек Амиров (Ресей) 
2.⁠ ⁠Айбек Айтбеков
3.⁠ ⁠Арсен Жұма, Хусейн Савадов (Әзірбайжан)

63 келі
1.⁠ ⁠Ерзу Закриев (AIN)
2.⁠ ⁠Дамир Ибрашов
3.⁠ ⁠Махаммад Шукурзаде (Әзірбайжан), Даниал Молдабек

72 келі
1.⁠ ⁠Руслан Нуруллаев (Әзірбайжан)
2.⁠ ⁠Тайыр Амангелді
3.⁠ ⁠Ырыскелді Хамзаев (Қырғызстан), Ақжан Ықыласов

82 келі
1.⁠ ⁠Ерасыл Жеңіс
2.⁠ ⁠Исмаил Рзаев (Әзірбайжан)
3.⁠ ⁠Рамазан Пашаев (Украина), Жанболат Бекен

Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйақы (1-орын — 1,5 млн теңге, 2-орын — 1 млн теңге, 3-орын — 500 мың теңге, чемпионның бапкері — 100 мың теңге) және медальдармен марапатталды.

Енді бүгін тағы 5 салмақта жүлдегерлер белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар