Үшқоңыр тауларындағы ірі табиғи өрт сөндірілді
АСТАНА. KAZINFORM — Өрт 2 қыркүйек күні мемлекеттік жер қорына тиесілі аумақта шыққан, деп хабарлайды Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

2025 жылғы 2 қыркүйекте Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылдық округінің маңындағы Жандосов ауылының таулы аумағында құрғақ шөп өртенді.
Өртті сөндіру қиын жағдайда өтті:
-
Өрт тау бөктерінде, еңісі 60-80 градусқа дейін болатын қиын жер бедерінде шықты;
-
Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, жағдайды одан әрі күрделендірді.
— Дегенмен, Алматы облысы мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) құтқарушылары және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен, үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Бұдан бұрын дала өртін сөндіру қағидаларына өзгерістер енгізілгенін жазғанбыз.