Үшінші АЭС-ті де Қытай салатын болды

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы үшінші АЭС-ті де Қытай салатынын мәлім етті.

Үшінші АЭС-ті де Қытай салатын болды
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

— Үшінші АЭС-ті Қытай салады. Қазір біздегі Атом энергетикасы жөніндегі агенттік пен «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС мамандары орналасатын аумағын қарап жатыр. Міндетті түрде ол станцияның жанында сумен қамтитындай жағдай болу керек. Ол станциядан қай өңірлер энергия алатынын да айқындаған жөн, — деді Роман Скляр.

Сондай-ақ, ол журналистің нақтылау сұрағына жауап бере отырып, үшінші стансаны да екінші АЭС-ті салатын Қытай компаниясы (CNNC компаниясы — ред.) салатынын растады.

Соңғы жаңалықтар