22:31, 06 Маусым 2025 | GMT +5
Үшінші күн 40 метрлік жүк көлігін жолдан алып тастай алмай жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — 6 маусым сағат 21:30 жағдай бойынша көліктер бір жолақпен кезектесіп өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАвтожол хабарлады.

— Үшінші күн қатарынан ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Жұмыстың ұзаққа созылуының себебі — ірі габаритті жүк арнайы техниканы пайдалануды қажет етеді, — делінген хабарламада.
Оқиғаның салдарын жою жұмысы жалғасып жатыр.
— Жүргізушілерден жолдың осы учаскесінде қозғалыс ерекшеліктерін ескеріп, барынша сақ болуды сұраймыз, — делінген ҚазАвтожол хабарламасында.
Айта кетелік Машат асуында жүк көлігі жол апатына ұшырап, Тараз — Шымкент трассасын жауып тастағаны туралы жазған едік.