Үшжылдық бюджетте білім саласын дамыту бағдарламасына 151 млрд. теңге шығыстар қарастырылуда - Б. Жәмішев

ыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2011-2013 үшжылдық бюджетте білім саласын дамыту бағдарламасына 151 млрд. теңге қарастырылуда. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

Министрдің айтуынша, алдағы үшжылдық бюджетте білім саласының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында қамтылған шараларды қаржыландыру көзделіп отыр. Аталған бағдарлама еліміздегі білім саласының бәсекеге қабілеттілігін артыруды көздейді. Бұл ретте орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ететін адами капиталды дамытуға баса назар аударылады. «Бағдарлама аясында электрондық оқыту, ғаламтордың кең жолақты желісіне қолжетімділік, «Бейіндік мектеп» жобасы аясында құрылыстар салу, сондай-ақ, үш ауысым мен апатты жағдайдағы мектептерді алмастыратын нысандар құрылысына қаржы қарастырылады. Бұдан бөлек, «Назарбаев - зияткерлік мектебі» құрылыстарына да қаржы көзделіп отыр. Жалпы, білім саласын дамыту бағдарламасына қатысты үшжылдық бюджетте 151 млрд. теңге шығыстар қарастырылып отыр. Атап айтқанда, 2011 жылы 56,6 млрд, 2012 жылы - 53,2 млрд, 2013 жылы - 47,6 млрд. теңге қарастырылады», деді Б. Жәмішев.

Министрдің айтуынша, үшжылдық бюджетте халықаралық деңгейде кадрлар даярлау мақсатында «Назарбаев-Университет» жобасын жүргізуге 115 млрд. теңге қаражат көзделген. Атап айтанда, осы жобаға 2011 жылы -44, 2012 жылы - 45, 2013 жылы - 25,8 млрд. теңге жұмсау болжанады.

Соңғы жаңалықтар