Үсік, жел, жаңбыр: Қазақстанның 15 өңірінің тұрғындарына ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — 15 мамыр күні еліміздің 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен шығысында екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Қонаев қаласында да солтүстік-шығыстан жел күтіліп, күндіз екпіні 18 м/с болады.
Атырау облысында аздаған жаңбыр, найзағай болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, аталған аумақтарда екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында түнде аздаған жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–18 м/с болады.
Ақтөбе облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында да оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15 м/с болады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында және таулы аймақтарында екпіні 15–20 м/с, кей кездері 23–28 м/с болады. Түнде таулы аймақтарда ауа температурасы -1 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с болады.
Павлодар облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде -4 градусқа дейін үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында түнде үсік жүреді, жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғып, облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Түнде солтүстігі мен шығысында -3 градусқа дейін үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай болады, жел екпіні 15–18 м/с.
Абай облысында түнде солтүстігінде жаңбыр мен қар, оңтүстігінде жаңбыр және найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15–20 м/с болады. Түнде батысында -2 градусқа дейін үсік күтіледі. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 15–18 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғып, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с болады. Орал қаласында күндіз жаңбыр, найзағай болады.
Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, батысында, солтүстігінде, таулы және тау етегі аймақтарында екпіні 15–20 м/с, күндіз 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с болады. Түркістанда күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Маңғыстау облысында батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығысында және орталығында шаңды дауыл болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде түнде -2 градусқа дейін үсік болады. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Жел оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15–20 м/с болады. Түнде облыстың шығысында 1 градусқа дейін үсік күтіледі. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай болады.
Ұлытау облысында жел шығыстан соғып, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с болады. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да жел күшейеді.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, таулы аймақтарда екпіні 23–28 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда да жел күшейіп, екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Қарағанды облысында шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15–18 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде және шығысында 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанады. Қарағанды қаласында түнде жер бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін «Қазгидромет» Астана мен Алматыда және орталық өңірдегі қалаларда ауа сапасы нашарлайтынын болжады.