Үсік жүреді: Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның барлық аумағында 3 мамырға арналған дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім етті.
3 мамырда Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, найзағай, шквал күтіледі, ал таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда қатты жаңбыр, бұршақ болуы ықтимал. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарында екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ және шквал күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай болады. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстікке ауысады, күндіз солтүстігі мен орталығында екпіні 15–18 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейеді: түнде батысында 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде батысында 1 градусқа дейін аяз болады. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында Аягөз ауданында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың шығысы, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз оңтүстігінде екпіні 15–18 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының шығысы мен орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз шаңды дауыл және шквал күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың шығысы, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел солтүстік және солтүстік-шығыстан соғады, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында түнде 1 градусқа дейін аяз болады. Облыстың солтүстігі, батысы және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, шквал күтіледі, таулы аймақтарда қатты жаңбыр болады. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарда екпіні 15–20 м/с болады. Орталығы, батысы және солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында тұман күтіледі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болатыны хабарланды. Көп өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.