Үсік жүреді: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, үш аймақта күн күрт суытып, түнде үсік жүреді, ал кейбір өңірде найзағай ойнап, қатты жел тұрады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, жасын ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында да найзағай жарқылдайды, сондай-ақ түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең найзағай ойнап, тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні - 15 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіліп отыр. Жезқазғанда да түнде және таңертең найзағай ойнап, тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік жартысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 24-29 м/с дейін жетеді. Алматыда таңертең қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта кей уақытта найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей тұста 30 м/с дейін жетеді. Облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Облыстың солтүстік бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың батысында 1 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде күндіз найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысында найзағай ойнап, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Павлодарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Ақтөбеде түнде 0-2 градус аяз болып, үсік жүруі ықтимал.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың орталығында тұман болады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Оралда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі.
Бұған дейін Қазақстанның 14 облысында және елордада дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған едік.