US Open: Юлия Путинцева жарысты аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 55-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өте алмады.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаяға тап келді.
Ресейлік спортшы 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 19 минутқа созылған ойында Калинская 3 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Путинцева 1 брейкпен шектелді.
Анна Калинская төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингіде 66-орындағы нидерландылық Сюзан Ламенстің қай жеңгенімен шеберлік таластырады.
Өткен жылы Юлия Путинцева үшінші айналымға дейін жеткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Елена Рыбакинаның үшінші айналымға жолдама алғанын жазған едік.