Ұстазға кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деп тағылған айып расталмады
АЛМАТЫ. 18 маусым. ҚазАқпарат - Алматылық мектептердің біріндегі мұғалім 2009-2013 жылдар арасында өзінің кәмелеттік жасқа толмаған туысын зорлады деп айыпталған болатын.
Биылғы 20 маусымда берілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша тексеру кезінде қыз денесінен көзге көрінетін еш жарақат табылмаған. Оның кейбір анализдері сот-биологиялық сараптамаға жөнелтілді.
Қылмыстық істің тергеу барысы Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасы басшылығының қатаң қадағалауына алынды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.